Димаш Құдайберген әлемнің ең әдемі 100 адамы рейтингіне енді (видео)

0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген TC Candler сайтының нұсқасы бойынша әлемнің ең әдемі тұлғаларының жүздігіне енді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жыл сайын бұл сайт тәуелсіз сарапшылармен бірлесе отырып, аяқталып бара жатқан жылдың ең әдемі тұлғаларының рейтингін жасап шығарады.

Тізімнің әйелдерге және еркектерге арналған екі нұсқасы бар.

Бастапқыда бұл кішігірім жоба болған, алайда қазір TC Candler роликтері миллиондаған көрілім жинайды.

Әлемде бұл рейтинг беделді және жоғары бағаланады.

Осы үздік жүздікте қазақстандық Димаш Құдайберген 90-шы орынға орналасыпты.

Бірінші орынды голливудтық «аквамен» Джейсон Момоа иеленіпті. Екінші орынды оңтүстік кореялық BTS тобының мүшесі еншілеген. Ал үшінші орынға британдық Идрис Эльба орналасқан.

Тізімде Леонардо Ди Каприо, Месси, Крис Эванс, Дэвид Бэкхем, Алексей Воробев сынды танымал тұлғаларды көруге болады.