Бүгін Денис Теннің өлімі бойынша іске қатысты сот үкімі шығады — Ел жаңалықтары

0

Бүгін, 17 қаңтарда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша үкім шығады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот үкімі жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де шығады. Ал кеше, 16 қаңтарда сотталушылар Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева сотта соңғы сөзін айтқан болатын.

Құдайбергенов ұрлық, қарақшылық жасады және адам өлтірді деп айыпталса, Қиясов қарақшылық пен адам өлтірді деп айыпталып отыр. Ал Толыбаева ұрлық және қылмыс туралы хабарламағаны үшін сотталып жатыр.

Мұның алдында прокурор сотталушыларды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. «Арман Құдайбергеновті айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Нұралы Қиясов айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Жанар Толыбаеваны айыпты деп танып, оны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын», — деген еді прокурор Досов.

Еске салайық, былтыр 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған «Халық қаhарманы» атағын беру ұсынылған болатын.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz