Bloomberg: Қытай Ресей Сібірін «ет стейкі» деп санайды
Ресей Федерациясының және Қытай Халық Республикасының тығыз байланыстары Кремльдің жаңа нарықтарға шығуына мүмкіндік береді және Америкаға қарсы болып табылады, дейді американдық басылым.
Ресей мен Қытай бірлестігінде бірінші рөл Пекин атқарады. Бұл туралы АҚШ-ның Bloomberg агенттігі жазады. «Ресей өз тілектерінде абай болу керек. Қытай басшылары шексіз Сібір ресурстарына мен жерлеріне қарайды, қалай ит ет стейктеріне қарайды екен. Владимир Путин, дарынды тактик бола отырып, ресми альянсқа өтуіне стратегиялық жағынан қателікті жасай алды. Уақыт өте келе басым серіктес, Мәскеу емес, Пекин болады.
Дегенмен қазіргі уақытта Қытаймен тығыз байланыс Ресейге жаңа нарықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді, саяси қолдау және ең алдымен Америка Құрама Штаттарына қарсы болуына көмектеседі екен», — осы басылым солай жазады.
Агенттіктің сарапшылары екі ел бірлестігі мынадай логикадан тұрады деп айтады: «Қытай ғаламдық держава ретінде өсіп келеді, оның көптеген халқы бар, бірақ көптеген маңызды табиғи ресурстары жоқ, Ресейдің Қытайменен ұзақ шекарасы бар, экономикалық жағынан құлдырау бар, азайып бара жатқан халық бар, бірақ орман және су ресурстары, пайдалы қазба ресурстар — алтын, мұнай және табиғи газ – бар».
«Еуропада әртүрлі процестер бөлісу жалғасуда — Брексит, Италияның Еуропалық Одаққа қанағаттанбауы, Польшада және Венгрияда авторитаризм өсуде, Ескі Әлемнің Америка Құрама Штаттармен үйлесімді қарым-қатынасы төмендеді. Бұл Қытай-Ресей серіктестіктің құндылығын арттырады. Сонымен қатар, Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы Еуразия құрлығының шеткі аймақтарындағы кішкене ұлттарды қызықтырады және ол Ресеймен өзара қарым-қатынасқа негізделген болса, оны тек күшейтеді екен», — жазады Bloomberg.
Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.