БИЛІК ЖОЛАЙЫРЫҒЫ

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінгі күндері жол айырығында тұр. Мемлекет басшысының тағына отырғанға дейін оның режиммен белгілі бір деңгейде келісімде болғаны сөзсіз. Бірақ қазір жағдай өзгерді. Елбасының сырқат жағдайына байланысты елден тысқары кетуі, президенттіктен үміткер Сенат төрайымының Швейцарияда елден тыққан аса ірі мөлшердегі ақшасы ($3 млрд) жария болып, америкалықтардың талабы бойынша бұғатталуы, баласының наркомандық жағдайға ұшырауы Назарбаев режимін қалт-құлт ахуалға тіреді.

Билік транформациясы аяқ астынан өзінің жоғары фазасына жетіп қалды.
Осындай сәтте өзінің легитимді басшы екендігіне сенімді болса Қасым-Жомарт Кемелұлы мүмкіндікті пайдаланып, барлық күш құрылымдарының басшыларын қолма қол ауыстырып, шынайы, толыққанды конституциялық билікке қол жеткізе алады. Егер өзінің легитимділігіне сенімсіз болса, ерік-жігері мен батылдығы жетіспесе онда «сабақтастық» бағытындағы қуыршақ президент күйінде қала береді. Яғни бұл Тоқаевтың халықты мезі еткен режимнің бір «бұрандасы» ғана екендігін дәлелдеп береді. Онда алдағы уақытта режиммен бірге жауапкершілікті бөлісетіні анық. Ендігі ықтимал әрекет пен әрекетсіздік «екінші президенттің» кім екендігін және оның деңгейін көрсетіп бермек.

Бүкіл Қазақстан демін ішінен алып бағып тұр!

 

Марат Бәйділдаұлы