АҚШ-да сланец төңкерісі әлемдік энергетикалық нарықты сілкіндіретін болады

0

Американдық сланец төңкерісінің екінші толқыны алдағы бес жылда орын алады, деп Халықаралық Экономикалық Агеттігінің сарапшылары мәлімдеді.

Нәтижесінде, ғаламдық өзгерістер әлемдік мұнай нарығын күтеді. 2021 жылға дейін Америка Құрама Штаттары нетто-экспортшыларға айналады, ал 2024 жылға қарай олар Ресей Федерациясынының мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттауда озып шығады және әлемдік көшбасшы — Сауд Арабиясына жақындай түседі.

Алдағы бес жылда АҚШ-ры әлемдік мұнай өндірудің 70 % және сұйытылған табиғи газ (СТГ) саудасының 75 % өсімі олардың үлесінде болады екен. Бұл жанармай мен энергетикалық нарықтарға соққы беретін болады, сондай-ақ геосаясатқа әсер етеді, деп ХЭА сарапшылары хабарлайды.

АҚШ болашақта күніне 9 миллион мұнай баррельді экспорттайды: бұл әрқайсысы 4,5 миллион баррель мұнай мен мұнай өнімдері. Қазіргі уақытта олар тәулігіне 2 млн. баррель мұнай және күніне 5 млн. баррель СТГ және мұнай өнімдерін жеткізеді.

Алдағы жылдарында «қара алтын» саудасында Бразилия, Норвегия және Гайана елдері жетікші рөліне айналады. Сондай-ақ, Ирак басқа елдерге мұнай жеткізу көлемін арттырады, ал Иран, Венесуэла және Ливиядағы мұнай өндірісіні төмендеп кетеді екен, айтады сарапшылар.

Өз болжамдарына сәйкес, мұнайға халықаралық сұраныс шектелген қарқынмен өседі. Бұл сауда-саттық соғыстарына, Brexit жағдайдың белгісіздікке және Қытай экономикасының өсу қарқынының төмендеуіне ықпал етеді. Бес жылда сұраныс 2024 жылы 5,8 миллион баррельге — күніне 106,4 миллион баррельге дейін артады. Мұнайдың негізгі тұтынушысы Қытай болып қала береді.

Мұнай-химия өнеркәсібіне электромобильдерге сұраныстың өсуі және отын нарығындағы тиімділіктің артуы әсер етпейді. Бензинге сұраныс осы саланың дамуын, сондай-ақ авиациялық отын мен пластмасса қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сарапшылар ОПЕК-ке мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімді ұзартудан бас тартқанын күтуде: бұл бағаны көтеруге және нарықты тұрақтандыруға бағытталады. Өткен кезеңде ХЭА болжамы 2023 жылға қарай мұнайға деген сұраныстың өсу қарқынын бәсеңдететінін болжады.

Сонымен, АҚШ-ның мұнай өндірудің табыстылығына байланысты Ресей өте ауыр жағдайға ұшырауы әбден мүмкін. Ресей Федерациясы үшін мұнай-газ тетігі күшті қысым құралы болып табылады, оған төтеп бере алмайды.

Керімсал Жұбатқанов,  тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.

KzNews