Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жылу мен су тарифтері өскеннен кейін Қазақстанда газ бен теміржол тасымалының бағасы да көтеріледі

Жылу мен су тарифтері өскеннен кейін Қазақстанда газ бен теміржол тасымалының бағасы да көтеріледі
Фото: gov.kz

Қазақстанда жылу мен су тарифтері көтерілгеннен кейін газдың көтерме бағасы мен теміржол тасымалы тарифтері де өседі. Бұл туралы вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, үш айлық мораторий кезеңінде есептеулер жүргізіліп, өзгерістер кезең-кезеңімен енгізілуде. Астанада жылу тарифі шамамен 15%, ал су және кәріз қызметтері 20–29% аралығында қымбаттаған. Осындай өзгерістер Алматыда, сондай-ақ Ұлытау және Ақмола облыстарында да енгізілген.

Шенеунік алдағы уақытта тарифтердің басқа өңірлерде де біртіндеп өсетінін, бұл инфляцияға бір мезетте қысым түсірмеу үшін жасалып отырғанын айтты. Оның бағалауынша, бұл шаралардың инфляцияға әсері 0,3%-дан аспайды.

Сонымен қатар, үкімет газдың көтерме бағасын көтеруді жоспарлап отыр. Себебі қазіргі баға деңгейі жаңа кен орындарын игеруге жеке инвесторлар үшін тиімсіз болып отыр.

Бұдан бөлек, теміржол қызметтері тарифін орта есеппен 12%-ға, яғни инфляция деңгейіне сәйкес көтеру мәселесі қарастырылуда. Жалпы барлық өзгерістердің инфляцияға әсері шамамен 0,8% болуы мүмкін, бірақ билік оны 0,3–0,5% деңгейінде ұстап қалуға үміттенеді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі