Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Жылдамдықты 66 км/сағ асырғандарға айыппұл салынады": Ішкі істер министрлігі желідегі ақпаратқа жауап берді

"Жылдамдықты 66 км/сағ асырғандарға айыппұл салынады": Ішкі істер министрлігі желідегі ақпаратқа жауап берді
Фото: Giovanna Graf/EyeEm/Getty Images

Ішкі істер министрлігі желіде тараған «камералар жылдамдықты 66 км/сағаттан бастап тіркей бастайды» деген хабарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Жүргізушілер, абай болыңыздар! Бүгін түнгі 00:00-ден кейін камералар 66 км/сағаттан асқан жылдамдықты бірден тіркейді. Мен әдетте 68–69 км/сағатпен жүретінмін. Енді 68 немесе 70-пен жүрсеңіз, 19 000 теңге айыппұл келеді. Жүйені артық ақшаға толтырмаңыздар», – делінген желіде тараған жазбада.

Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде растады.

«Түннен кейін “жылдамдық 66 км/сағаттан аспауы тиіс” деген ақпарат жалған. Ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Елдімекендерде жеңіл көліктер үшін белгіленген жылдамдық бұрынғыдай 60 км/сағ. Камералар тек 70 км/сағаттан асқан жағдайда ғана бұзушылықты тіркейді», - делінген министрлік хабарламасында.

Полицейлер халықты тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі