Әлеумет

Жылдамдық - сағатына 50 шақырым: 23 қарашадан бастап жол қозғалысы ережесіне өзгеріс енеді

Жылдамдық - сағатына 50 шақырым: 23 қарашадан бастап жол қозғалысы ережесіне өзгеріс енеді
Ашық дереккөзден

Қазақстанда 23 қарашадан бастап жол қозғалысы ережелері жаңартылады. Бұған сәйкес елді мекен ішінде жүк көліктерінің жылдамдығы сағатына 50 км-ден аспауы тиіс, деп хабарлайды kznews.kz.

Арнайы жол белгілері орнатылған учаскелерде бұрынғыдай 80–90 км/сағ жылдамдық сақталады.

Қолайсыз ауа райында жүргізушілерге басып озуға, жолақ ауыстыруға және тоқтауға тыйым салынады. Егер колонна құрамында 10 және одан да көп көлік болса, оған екі патрульдік полиция автокөлігі еріп жүруі қажет.

Сонымен қатар шағын автобустарға қоғамдық көлік аялдамаларында жолаушы отырғызуға және түсіруге рұқсат берілді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері елде 29 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жылдамдықты арттыру нәтижесінде 406 адам, ал қарсы бағытқа шығу салдарынан 400 адам көз жұмған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz