Шоу-бизнес

"Жұрттың күйеуін қарашы": "Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғамбек ажырасу себебін айтты

"Жұрттың күйеуін қарашы": "Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғамбек ажырасу себебін айтты
instagram.com/aidar_turgambek. Суретте: Айдар Тұрғамбек

"Жігіттер" тобының мүшесі, танымал әнші Айдар Тұрғамбек әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық құндылықтар жайлы пікір білдіріп, өз ажырасуына не себеп болғанын ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің айтуынша, ажырасуға себеп – желіге отбасылық сәттерді жариялау болған.

"Жігіттер, өтініш... әйелдеріңе гүл беріп жатқан сәтті интернетке салмаңдаршы. Қыз-келіншектер, сіздер де гүл алып жатқан бақытты кездеріңізді жарияламаңыздаршы. Көп отбасы соны көріп, күйеуіне ренжіп жатады: «Жұрттың күйеуін қарашы, әйеліне гүл беріп, шетелге апарып жатыр. Бізде не гүл жоқ, не демалыс жоқ» деп реніш туады. Артынша ұрыс-керіс, ақыры ажырасуға дейін барады. Отбасы – құпия болу керек!" – деді Айдар Тұрғамбек.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz