KZNews.kz
Әлем

"Жұрттың ақылы керек емес": анасы төрт қызына бірдей есім қойған

Қайсар Қанат
Daily Mail

АҚШ-та төрт қызына бірдей есім қойған ана көпшіліктің сынына ашық жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

DailyMail басылымының дерегінше, Калифорния штатының Форт-Джонс қаласында тұратын 47 жастағы Мэри Хеффернан әлеуметтік желіде күйеуі Брайан екеуі төрт қызына да Мэри деген есім бергенін айтып, жұртты таңғалдырды. Оның сөзінше, екі жақтың әулетінде де Мария (Мэри) есімді мықты, діндар әйелдер көп болғандықтан, осы дәстүрді жалғастыруды жөн көрген.

«Шынымды айтсам, төрт қыз қатарынан туады деп ойлаған жоқпыз. Бірақ осылай басталған соң, кері қайту мүмкін болмады», – дейді ол.

Бұл шешім желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырған. Кейбірі балаларының болашақта шатасып кетпей ме деп алаңдаса, енді бірі мұндай таңдау олардың дербестігіне әсер етуі мүмкін екенін айтқан. Алайда Хеффернан мұндай сынға мән бермейтінін, керісінше бұл шешімімен мақтанатынын жеткізді.

Оның айтуынша, ортақ есім отбасының бірлігін нығайтып, тіпті мал шаруашылығымен айналысатын отбасылық брендті – Five Marys атауын есте сақтауға да көмектескен.

Балаларын шатастырмау үшін әр қызға күнделікті қолданылатын лақап ат қойылған:
Мэри Фрэнсис – Фрэнси,
Мэри Марджори – Мейзи,
Мэри Джейн – ДжейДжей,
Мэри Тереза – Тесса.

«Ортақ есім олардың жеке болмысын шектемейді. Әрқайсысының мінезі бөлек, өзіндік көзқарасы бар. Бұл есім оларды тек отбасы дәстүрімен байланыстырады», – деп түйіндеді ол.

Хеффернанның айтуынша, уақыт өте келе Мэри есімі олардың әулетінің ажырамас бөлігіне айналып, ұрпақ сабақтастығын білдіретін символға ұласқан.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →