Журфактағы жанжал: ҚазҰУ ресми жауап берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Журфактағы жанжал: ҚазҰУ ресми жауап берді

Журфактағы жанжал: ҚазҰУ ресми жауап берді
Фотоиллюстрация: Kznews.kz

Бұған дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетіндегі жағдай туралы жазғанбыз. Онда осы факультеттің оқытушысы, ақын Темірғали Көпбай әлеуметтік желідегі мәлімдемесіне сүйене отырып, бірқатар ұстаздардың жұмыстан кеткені туралы айтылған болатын.

Қоғамдық талқылауға ұласқан тақырыпқа орай бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер бойынша проректор Алина Галеева ресми мәлімдеме жасап, оқу орнының уәжін айтты. Төменде ҚазҰУ ресми жолдаған жауаптың толық мәтінін жариялап отырмыз.

- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің оқытушыларына қатысты төмендегіні хабарлайды:

Журналистика факультетінің профессоры Кәкен Хамзин мен доцент Темірғали Көпбаевтың еңбек шарттарының қолданылу мерзімі аяқталды. 

Аға оқытушы Ермахан Шайхы академиялық біліктілігін анықтау мақсатында өткізілген конкурстық комиссия отырысына қатыспады және белгіленген рәсімнен өтуден бас тартты.

Аға оқытушы Мұрат Шаймаран академиялық талаптарға сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізілген конкурстан өте алмады.

Лауазымға қабылдау рәсімі жоғары оқу орындарында белгіленген тәртіпке сәйкес жыл сайын жүргізіледі. 

Арнайы құрылған конкурстық комиссия өтініш берушілердің ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерін, педагогикалық тәжірибесі мен дәріс беру біліктілігін және өзге де белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды.  

Тиісті шешімдер қолданыстағы заңнамаға және университеттің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес қабылданады.

Алина Көлбайқызы Галеева

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер бойынша проректор

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.