Жаңалықтар

"Жүректі тілім-тілім ететін сәт.": Төреғалидің жұбайы ешкім естімеген сырын ашты (ФОТО)

"Жүректі тілім-тілім ететін сәт.": Төреғалидің жұбайы ешкім естімеген сырын ашты (ФОТО)

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде көпшілікті толғандырған жазбасын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол өз жазбасында күрделі кезеңдерді, отбасының басынан өткен ауыр сынақты және бір ғана шешімнің олардың тағдырын қалай өзгерткенін баяндады.

"Бір сәт. Бір оқиға. Бір шешім – өмірімізді түбегейлі өзгертті. Сол кезде біз Кәусармен Қытайда емделіп жүргенбіз. 3 жыл бойы тоқтаусыз ем. Ауыр диагноз. Жас отбасы. Әр күн – сынақ. Ал Төрем… сахнада тұрып, ішіндегі дауылмен арпалысып жүрген әке. Күресіп жүрген қызының дерті… жүректі тілім-тілім ететін сәт.

Оқиғадан кейін қоңырау шалды: "Толқын… жаңалықтарды көрдің бе?" Даусындағы діріл бәрін аңғартты. "Уайымдамаңыз. Қорқатын дүние жоқ", – дедім.

Арада көп уақыт өтпей, Төрем Қытайға келді. "Білесің бе, сендерді сағынып жылайтынмын… Бәлкім, бұл да бір қайыр…" – деді. "Томирис өмір үшін күресіп жатыр. Сіз де күресіңіз. Халық кешіреді. Тек тоқтамаңыз", – дедім.

Төрем тоқтаған жоқ. Кешірім сұрады. Жетті. Жеңді. Әке ретінде де, азамат ретінде де – құламады, қайта нығайды. Бүгінде Кәусар қайырымдылық қоры – сол күрестің дәлелі. Қиналған отбасыларға жол көрсеткен, баласы үшін сынбаған әкелерге үміт сыйлаған – біздің Төреміз. Төрем, еліңізге береріңіз әлі де көп. Еліміздің рухы – сіздей азаматтармен биік.

Бүгін… Міне, дәл осы сахнада тұрып, бойымды тыныш мақтаныш кернеп тұр. Сахна өзгермеген. Бірақ біз өстік! Қорқыныштарды жеңдік! Қателіктерден қорықпай, олардан шешім шығара білдік. Өмір осынысымен бағалы", – деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz