Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды

Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды
Фото: ашық дереккөзден

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өзге шенеуніктерге қарағанда заң талаптарына сәйкес декларация тапсырғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Еске салайық, жарияланған декларацияға сәйкес, Серік Жұманғариннің жұбайы Сания Садықова қор нарығында 88,6 млн теңгеден астам табыс тапқан.

Журналистердің оның табысы туралы қойған сұрақтары вице-премьерге жақпағаны байқалды. Ол тілшілерге «дөрекі сөйлемеуді» ескертіп, өз отбасының табысын ашық жариялағанын айтты. Сонымен қатар, Жұманғарин осы тұста үкіметтегі кейбір әріптестеріне ишара жасағандай болды.

– Егер адам декларация тапсырса, демек оның жасыратын ештеңесі жоқ қой, солай емес пе? Заңда декларацияны тапсырып, жариялау қажет деп жазылған. Мен оны орындадым. Ендеше маған қатысты басқа қандай сұрақтар бар? Егер заңда «жұбайың бұл ақшаны қалай тапты, қандай бағалы қағаз сатып алды, қайсын сатты, қай брокер арқылы жұмыс істеді» деп түсіндіру міндеттелсе, мен бәрін айтып берер едім. Ал егер маған дөрекі сөйлейтін болсаңыздар, онда мүлде жауап бермеймін. Тағы да қайталап айтамын: мен заң талабын орындадым, декларация толтырып, жарияладым. Көпшіліктен айырмашылығым да осы. Неге бұл сұрақтарды маған қоясыздар? – деді Жұманғарин.

Осыдан кейін ол сұқбатты аяқтап, залдан шығып кетті.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.