2026 жылғы білім грантын иеленгендердің тізімі жарияланды (ТІЗІМ)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жүлде қоры 10,5 млн теңге: Алматыда суретшілер байқауы жарияланды

Жүлде қоры 10,5 млн теңге: Алматыда суретшілер байқауы жарияланды
Фото: gov.kz

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы Қазақстанның барлық өңіріндегі кәсіби суретшілерді «Ажарлы Алматы!» республикалық суретшілер байқауына қатысуға шақырады, деп хабарлайды kznews.kz.

Байқау бейнелеу өнерін дамытуға, суретшілердің шығармашылық қызметін қолдауға, сондай-ақ бейнелеу өнері туындылары арқылы Алматының тарихи, мәдени және табиғи келбетін кеңінен насихаттауға бағытталған.

Байқауға ұлтына, жасына және тұрғылықты жеріне қарамастан, көркемсурет білімі (арнаулы орта немесе жоғары) бар Қазақстан Республикасының кәсіби суретшілері қатыса алады.

Негізгі талаптар:

• Байқау жұмыстары төмендегі тақырыптардың біріне сәйкес келуге тиіс:

– Алматының тарихи және заманауи келбеті;

– Алматының табиғаты, көрікті жерлері және сәулет мұрасы;

– Алматының мәдениеті, өнері және қоғамдық өмірі.

• Жұмыстар кескіндеме (майлы бояу, акрил, темпера, акварель), графика және аралас техникада қабылданады.

• Жұмыстың ең төменгі өлшемі – 70 × 80 см.

• Байқауға бұған дейін көрмеде қойылмаған, байқауға қатыспаған және ешқандай басылымда жарияланбаған түпнұсқа авторлық туындылар ғана қабылданады.

Өтінімдер мен байқау материалдары 2026 жылы 7 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында azharlyalmaty@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Жүлде қоры:

І орын — 3 000 000 теңге

ІІ орын — 2 жеңімпазға 2 000 000 теңгеден

ІІІ орын — 2 жеңімпазға 1 000 000 теңгеден

5 ынталандыру сыйлығы — әрқайсысы 300 000 теңгеден.

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 2026 жылы қыркүйекте Алматы қаласы күніне орай өтеді. Байқаудың үздік туындылары қорытынды көрмеде ұсынылады.

Байқау туралы толық ережемен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.