Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Жүкті екенін білмеген": Алматыда іші ауырып ауруханаға жүгінген әйел босанып қалды

"Жүкті екенін білмеген": Алматыда іші ауырып ауруханаға жүгінген әйел босанып қалды
Фото: Желі кадрларынан

Алматыда іші ауырып, гастроэнтерологқа жүгінген әйел күтпеген жерден 7 айлық сәбиді босанды. Ол өзінің жүкті екенін білмеген, деп хабарлайды kznews.kz.

Әйелді “Эмирмед” клиникасында УДЗ кабинетінде тікелей босандырған. Бойжеткен алғашында гастроэнтерологқа іштің кебуі мен ішек ауыруына шағымданып жүгінген.

Тексеру кезінде мамандар күтпеген жерден шамамен жеті айлық жүктілікті анықтаған. Гинекологпен кеңескеннен кейін науқастың босану процесі басталып кеткені белгілі болды.

Дәрігерлер жағдайға жедел әрекет етіп, босануды сол УДЗ кабинетінде қабылдады.

Дені сау қыз бала дүниеге келді. Анасы мен нәрестенің жағдайы тұрақты деп бағалануда. Көмек көрсетілгеннен кейін олар жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, перзентханаға жеткізілген.

Деректерге сүйенсек, бұл отбасының бұған дейін балалары болмаған және қыз бала болуын қатты қалаған екен.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.