KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Жүкті болып тұрмысқа шыққан”: Жігер Ауыпбаевтың жұбайы мәлімдеме жасады

• Айжан Сыланова
Фото: turkistan.kz

Әнші Жігер Ауыпбаевтың өзінен 15 жас кіші жары Мумина әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол Instagram парақшасында жазба жариялап, жеке өміріне қатысты айтылып жүрген түрлі болжамдар мен жағымсыз пікірлерге қатысты ойын ашық жеткізді.

«Адамның алдында ақталмаймын. Алланың алдында арым таза! “Жүкті болып тұрмысқа шыққан” деген секілді сөздерге бейжай қарайтын хейтерлеріме айтарым: Аллаға сансыз шүкір, ата-анамның берген тәрбиесін аяққа таптайтын арсыз жан емеспін. Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қалай толтырсаңыздар да өздеріңіз білесіздер», – деп жазды Мумина.

Сондай-ақ ол өздеріне ақ тілегін арнап, шынайы қуаныштарына ортақтасып жүрген жандарға ризашылығын білдіріп, қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс айтты.

Айта кетейік, соңғы уақытта Жігер Ауыпбаев пен оның жарының некесіне қатысты түрлі пікірлер әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, жұптың жас айырмашылығы да көпшіліктің назарын аударған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →