Жайықтың жағасында ауылдастары зорлаған әйелдің 30 жыл бұрын жоғалған қызы табылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жүк көлігі басып кетіп көз жұмған 11 жасар Нұрасылдың әкесі көмек сұрайды

Жүк көлігі басып кетіп көз жұмған 11 жасар Нұрасылдың әкесі көмек сұрайды
Фото: видеодан скриншот

Шымкенттің Қайнарбұлақ тұрғын алабында болған жол апатынан 11 жастағы Нұрасыл қаза тапты. Марқұмның туыстары кінәлі жүргізушінің заң аясында қатаң жазаға тартылуын талап етуде, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға кезінде бесінші сынып оқушысы қарындасымен бірге дүкенге бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, балалар белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан сәтте оларды арнайы техника қағып кеткен. Ауыр жарақат алған Нұрасыл оқиға орнында көз жұмды.

Полиция күдікті жүргізушіні ұстап, қылмыстық іс қозғады. Жүк көлігі айып тұрағына қойылған. Құқық қорғау органдары апаттың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Нұрасыл 2 маусым күні жер қойнына тапсырылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.