KZNews.kz
Қоғам

Жұбайына ақ көйлек кигізген 75 жастағы ақсақал желіні шулатты

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Желіде 75 жастағы ақсақалдың үйлену тойын қайта өткізіп, жұбайына ақ көйлек кигізген әсерлі сәті кең тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жұбайлар 50 жыл бойғы отбасылық өмірін ерекше түрде атап өтуді ұйғарып, өздерін нағыз жас жұбайлардай сезінген. Ақсақал классикалық смокинг киіп, ал жары дәстүрлі ақ көйлекпен бой көрсеткен. Қарт жұптың өз мерейтойын осындай романтикалық форматта атап өтуі көпшілікті тәнті етті.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде мыңдаған қаралым жинап, қызу талқыланып жатыр. Көпшілік оларды ұзақ жылдық махаббаты үшін құттықтап, “бәлкім, жастық шақтарында той жасауға жағдай болмаған шығар” деген пікірлер білдірді. Қолданушылар бұл сәттің жүрекке жылылық сыйлайтынын, жұптың бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі көпке үлгі екенін жазуда.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары