KZNews.kz
Шоу-бизнес

Жолбарыс Сейфуллиннің жұбайы 20 жасында көрген қысымы туралы айтты

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

Жолбарыс Сейфуллиннің жұбайы Екатерина әлеуметтік желідегі жазбасында өзінен 15 жас үлкен, бұрын отбасылы болған ер адаммен қарым-қатынас бастаған кездегі қоғам қысымы мен сынға тоқталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Айтуынша, қарым-қатынастың алғашқы жылдары көпшілік тарапынан түрлі пікір айтылып, жеке өмірі жиі талқыланған. Ол сол кезеңдегі ауыр сөздердің әлі күнге есінде қалғанын жасырмады.

«Маған “қарапайым орыс жезөкшесі” деп жазды. Қудалаған кезде, қарым-қатынасымды талқылаған кезде солай деді. Мен ол кезде 20 жаста едім. Өзімнен 15 жас үлкен, үйленген ер адаммен кездесе бастадым. Бұл бастапқыда-ақ сәтсіз болатыны белгілі қарым-қатынас еді. Бірақ 20 жаста сен бәрін ересек адамның көзқарасымен бағаламайсың», - деп жазды Екатерина.

Оның сөзінше, бұл қарым-қатынас 15 жылға созылған. Сол уақыт ішінде жұп талай сынақтан өткенін, бірақ бақытты сәттер де аз болмағанын айтады.

«Біз 15 жыл бірге тұрдық. Ауыр кезеңдер көп болды, бірақ бақытты сәттер де аз емес еді. Әрқайсымыз өз бағамызды төледік. Бір кезде мен өзіме: “Неге бәрі дәл осылай болды?” деген сұрақ қойдым. Кінәліні іздеген жоқпын, сценарийдің неге осылай құрылғанын түсінгім келді», – деп жазды ол.

Екатерина қазіргі таңда бұл оқиғалардан сабақ алғанын, өзін кінәламай, саналы түрде қорытынды жасағанын атап өтті.

«Мен мінсіз емеспін. Бірақ мен саналымын. Енді дәл сол қателіктерді қайталамаймын және басқаларға да қайталамауға көмектесе аламын», – деді ол.

Жазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →