Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Жолаушылар Құран оқыды": әуеге көтерілген ұшақтан ақау шығып, теңіз жағалауындағы суға қонды (Фото)

"Жолаушылар Құран оқыды": әуеге көтерілген ұшақтан ақау шығып, теңіз жағалауындағы суға қонды (Фото)
Фото: Ашық дереккөзі

Сомалидің астанасы Могадишода теңіз жағасына барып тоқтаған ұшақтың 70 жастағы жолаушысы борттағы қорқыныш пен дүрбелеңді айтып берді. Ұшақ тізеден келетін суға апатты жағдайда қонғанымен экипаж бен жолаушылардың бәрі аман қалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Starsky Aviation компаниясы пайдаланған Fokker 50 ұшағы сейсенбі күні ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай техникалық ақау туындаған. Сол себепті ұшақ Могадишодағы Аден Адде халықаралық әуежайына кері қайтуға мәжбүр болған. Алайда қону кезінде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, теңіз жағалау маңында әрең тоқтаған.

Әлеуметтік желіде тараған суреттерде жолаушылардың ұшақтан түсіп, таяз суда жаяу жүргені байқалады. Айтуларынша, пилот мүмкін болатын өрт қаупіне байланысты адамдарды тез шығуға шақырған.

Сомали Азаматтық авиация басқармасы ұшақтағы 55 адамның барлығы медициналық тексеріс пен көмек алу үшін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Әуе компаниясы да пилоттың сабыр сақтап, жедел шешім қабылдағанын атап өтіп, оны мақтап отыр.

Жолаушы Мұхамед Хусейн Одова Reuters агенттігіне берген сұхбатында ұшақтың әуеге көтерілгеніне бірнеше минут қана болғанда капитан рейсті кері бұруға тура келетінін хабарлағанын айтты. Оның сөзінше, нақты қандай ақау екені түсіндірілмеген.

«Сабыр сақтаңыздар, белдіктеріңізді таққан күйі отырыңыздар», – деп экипаждың ескерткенін Одова еске алды.

Ол қозғалтқыштар «шашырап» істей бастағанда, жолаушылардың қатты шошып, Құран оқуға кіріскенін айтады. Ұшақ жерге тигеннен кейін алға қарай қатты жылдамдықпен зымыраған. Сол сәтте-ақ пилоттың тоқтата алмай қалғаны белгілі болған.

«Ұшақ ұшу-қону жолағына тиіп қонды да, артынша ессіз жылдамдықпен жүріп кетті. Біз тежегішті басқара алмай қалғанын түсіндік», – деді ол.

Оның айтуынша, ұшақтың бір қанаты шағын төмпешікке соғылып, бүлінгенімен, әуе кемесі тоқтамай, жағалауға дейін барып қалған. Ақыры тізеден келетін суға кіріп барып әрең тоқтаған.

«Ұшақ теңізге тізеден келетін жерге дейін кіріп кетті, екі есік ашылды. Пилот “Тез шығыңдар!” деп айқайлады… Мен жасы үлкен жолаушылардың бірімін, бірақ бір сәтте сөмкемді алып сыртта тұр екенмін. Шүкір», – деді Одова.

Азаматтық авиация басқармасы оқиғаның нақты себебі жөнінде әзірге қосымша ақпарат берген жоқ.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер