1 674 699 адам: Астана тұрғындарының ресми саны қанша?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жоғалған екі оқушы қыздың ісіне қатысты күтпеген дерек шықты

Жоғалған екі оқушы қыздың ісіне қатысты күтпеген дерек шықты

Ресейдің Тува Республикасында бір аптаға жуық уақыт бұрын жоғалған 12 және 13 жастағы екі мектеп оқушысын іздеу жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Құтқарушылар іздеу аумағын кеңейтіп, жергілікті су қоймасы мен Енисей өзенінің жағалауын қайта тексеруге кірісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Жергілікті тұрғындар бірнеше үйге күмәнданған

Іздеу барысында жаңа болжам пайда болып, Қызыл қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірқатарына жергілікті тұрғындар күдік келтірген.

Көпшілік жоғалған қыздар осы аумақта болуы мүмкін деген ақпараттан кейін бірнеше үйдің маңына жиналған. Кейбір тұрғындар ғимараттарды өздері тексеруге әрекет жасағанымен, полиция оларды тоқтатып, тексеру жұмыстарын өз бақылауына алды.

Куәгерлердің айтуынша, күдікке ілінген үйлердің жертөлелері бірнеше деңгейден тұрады. Осыған байланысты тәртіп сақшылары барлық бөлмені мұқият қарап шыққан.

Әрбір бөлме толық тексерілді

Полиция қызметкерлері еріктілердің қатысуымен үйлерге кіріп, әр бөлмені, жертөлені, ауланы, жиһаздарды және басқа да орындарды түгел тексерген.

Алайда тексеру нәтижесінде балалардың болғанын дәлелдейтін ешқандай белгі анықталмаған.

Қыздар 1 шілдеден бері хабарсыз

Айлана мен Амина 1 шілде күні кешке серуендеуге шығып, содан бері үйіне оралмаған.

Туыстарының айтуынша, қыздар тәрбиелі отбасында өскен, мектепте жақсы оқитын әрі қоғамдық шараларға белсенді қатысатын болған. Олар бұрын-соңды үйден ескертусіз кетпеген.

Аминаның анасы қызының өзенге жалғыз баруы мүмкін екеніне күмәнмен қарайды.

«Шынымды айтсам, олардың не үшін өзен жағасына барғанын түсінбеймін. Қызым жүзе де білмейді», – дейді ол.

Телефондар жұмбақ жағдайда табылған

Тергеушілердің алғашқы маңызды айғағы – Енисей өзенінің жағасынан табылған қыздардың ұялы телефондары болды.

Тергеу мәліметінше, телефондар ұқыптап қойылған күйде жатқан. Ең күмәнді жайт – құрылғылардың қуаты таусылмағанына қарамастан өшірілген болуы.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне сәйкес, телефондар полиция қызметкерлері бірнеше рет қоңырау шалып, хабарлама жібергеннен кейін ғана сөнген.

Қылмыстық іс қозғалды

Тува Республикасының Ішкі істер министрі Юрий Завьяловнің айтуынша, қыздардың жоғалуына байланысты Ресей Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта тергеушілер барлық ықтимал нұсқаны тексеріп жатыр.

Мыңға жуық адам іздеу жұмысына қатысуда

Іздеу басталғаннан кейін бірнеше күн өткен соң қыздардың бірінің сандалы, кейін екіншісінің аяқкиімі өзен ағысымен төменірек жерден табылған.

Қазіргі таңда іздеу жұмыстарына Туваның түкпір-түкпірінен келген мыңға жуық ерікті, полиция қызметкерлері, тергеушілер мен құтқарушылар қатысып жатыр.

Мамандар аптап ыстыққа, қалың өсімдіктерге және күрделі жер бедеріне қарамастан Енисей өзенінің жағалауын, тоғайларды және аралдарды мұқият тексеруді жалғастыруда. Осы уақытқа дейін ондаған арал толық зерттелгенімен, жоғалған қыздардың нақты ізі әлі табылған жоқ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер