"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ЗИНАҚОРДЫҢ ЖАЗАСЫ

ЗИНАҚОРДЫҢ ЖАЗАСЫ

 Бірде Пай­ғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түс көреді. Түсін­­де оған Жәбірейiл мен Ми­ка­й­л періштелер келеді. Пайғам­ба­­рымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Біз жолға шық­тық. Тандырға ұқсас бір ыдыстың қа­сына келдік. Одан жантүр­ші­гер­лік дауыс естілді. Қарасақ, оның ішінде жалаңаш еркектер мен әйел­дер бар екен. Әлгі ыдыстың ас­тынан от жанып, от алауы олар­ға тиген сайын айқайлап шың­ғы­рып жатты…

Тандырға ұқсаған ыдыс ішіндегілер зинақор әйелдер мен еркектер болатын», – дейді (Имам­ Бұхари). Сондай-ақ, басқа бір риуаятта, то­зақта «қайғы құдығы» деген жы­лан мен шаяндар мекендейтін ой­пат бар. Шаянның үлкендігі қа­шырдай (есектен үлкен, аттан аласа жануар) болады. Оның уға толы жетпіс инесі болады. Ол зи­на­қорды шағып, оның азабы мың жылға жетеді. Сосын зинақордың де­несі ыдырап, жыныс мүшесінен қан мен ірің ағады. Егер зина жа­сау­шы отбасылы адам болса, олар­ға қабірде бүкіл үмметке бе­рі­летін азаптың жартысы беріледі, де­лінген.

 «Тозақтың жеті қақпасы бар», – де­ген «Хижр» сүресінің 44-аятының тәп­сірін Ато есімді ғалым бы­лай­ша тарқатады: «Тозақ қақпа­ла­ры­ның ең қорқыныштысы, әрі қайғылысы және ыстығы мен сасығы – біле тұра зина жасағандар кі­ре­тін қақпасы».

 Иә, Алланың сүйіс­пен­шілігіне бөленген құлдарына жән­нат қақпалары айқара ашыл­са, өкінішке қарай, жиір­ке­ніш­ті қылықтарды жасауда ал­ды­на жан салмағандар үшін Жарат­қан­ның жазасы осы болмақ.

Имам Заһабидің  «Үлкен күнәлар» кітабынан

 

Автор
Бауыржан