Жалпы ғалымдар, оның ішінде Ханафи мәзһабының ғұламалары қиялдаудың бұл түрін күнә деп таныған.
"Бұл нәрсе халал емес. Себебі қатынас кезінде жұбайын бөтен адам деп қиялдау – әйелінің халал тәні арқылы күнәлі істі қиялдау болып табылады", - деді Ханафи мәзһабының ірі өкілі Ибн Абидин (р.а).
Ғалым Ибн Хаж әл-Мәлики (р.а) мұны зинаның бір түріне жатқызған. Ғалымдарымыз мұны қолына ыдыс алып, су ішкен адамға теңеген. Әлгі адам қолына алған ыдыстағы суды шарап деп қиялдап ішсе, ондағы су ол үшін харамға айналады. Бұл да сол сияқты.