11 наурыз күні таңертең Ақтау қаласындағы жағалауға жүздеген шаян шығып қалған.
Маңғыстау облысының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Адизала Шихметовтың айтуынша бұл құбылыс дауыл салдарынан болған. «Бұл қалыпты құбылыс. Көктемнің келуімен, дауылмен байланысты. Олар өздері суға кетіп қалады» - дейді.