"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Жусан» операциясы жалғасады

«Жусан» операциясы жалғасады

Астана. 22 қаңтар. KAZISLAM – Сириядағы қазақстандықтарды елге қайтару бойынша жүргізілген «Жусан» операциясы жалғасын табады. Бұл туралы кеше Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Айта кетсек, «Жусан» операциясы аясында Сириядан 47 азамат елге оралған еді. Олардың дені, яғни 30-ы – 1-5 жас аралығындағы балалар.

«Бұл соңғы операция емес, тек басы ғана. Қазақстанның сыртқы істр министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар азаматтарымыздың тағдырын әрдайым басты назарда ұстайды» деді А. Смадияров.

Ол «Жусан» операциясы ұзақ дайындалғанын әрі күрделі болғанын атап өтті. Сириядағы отандастарды елге қайтаруға шетелдік серіктестер мен халықаралық ұйымдар тартылған.

«Қазақстандықтардың көбі Сирияда жүрген туысқандарымен бір жолын тауып байланысқа шығып жүр. Өткен жылы консулдық қызмет департаментіне 20-дан астам өтініш түсті. Сондай-ақ Сириядағы азаматтардың өзі түрлі комитеттер, әлеуметтік желідегі топтар арқылы байланысқа шығып, үйге қайтқысы келетінін айтып жатады» деді А.Смадияров.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Бауыржан