KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Журналистке белгісіз біреулер қорапқа малдың еті мен балаларының суретін салып жіберген

• Еркебұлан

Журналист Самал Ибраева кеңсесіне белгісіз біреулер қорапқа малдың еті мен балаларының суретін салып жібергенін хабарлады.

Самал Ибраева қораптың сәрсенбі, 8 ақпанда кеңсеге келгенін, ішін ашқан кезде жоғарыда аталған заттар шыққанын айтты.

Ибраева оқиғаны "редакцияға жасалған қоқан-лоқы" деп бағалады.

"Президент тапсырма берсе де, маған жасалып жатқан қысымның артында кім тұрғаны анықталған жоқ. Осыған дейін қаншама қысым көрдім", - деді Самал Ибраева.

Ибраеваның жіберген суретінде етпен бірге балалардың суреті жатқаны көрінеді.

Сәрсенбі түстен кейін редакцияға полиция келіп, келген заттардан саусақ іздерін алған.

Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →