Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жұматай Жақыпбаев өмірбаяны

Жұматай Жақыпбаев өмірбаяны

Жақыпбаев Жұматай (1945—1990) - Алматы облысы, Талдықорған ауданындағы Ешкіөлмес ауылында туған. Еңбек жолын кітапхана меңгерушісі болып бастаған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінде, облыстық радиода және «Жалын» альманахында поэзия бөлімінің редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болды. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.

Шығармалары:

- Саратан. Өлеңдер. А., 1979;

- Ләйлә. Өлеңдер. А., 1981;

- Шұғынық гүл төркіні. Өлеңдер. А., 1984;

- Көктемдегі хаттар. Өлеңдер. А., 1994;

- Ләйлә. Өлеңдер. А., «Атамұра», 2002.

Автор
Мадияр