Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жұма қабыл болсын!

Жұма қабыл болсын!

 Әус ибн Әус (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Расында, күндердің ең абзалы жұма. Сол күні маған көптеп салауат айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі», - деп айтты» - деген.

        «Уа, мүміндер! Жұма намазына шақыратын азан айтылған кезде Алланы еске алуға (яғни, жұма намазын оқып, құтпа тыңдауға) асығыңдар. Сауда саттықты (басқа да дүние тіршілігін) қоя тұрыңдар. Егер біле білсеңдер сендерге сол қайырлы. Намаз оқылып болған соң жан жаққа тарап, Алланың мол рақымынан (кәсіптерің арқылы) өз несібелеріңді іздеңдер. Нағыз жетістікке жетуге үміттене отырып, Алланы жиі еске алыңдар» («Жұма» сүресі, 9-10-аяттар).

       Алла елшісі (с.ғ.с.): «Егер қандай да бір адам жұма күні ғұсыл құйынып, қолынан келгенше тазалығын жасап, шашын майлап әрі жақсылап таранып немесе үйінде бар болса, хош иісті әтірден сеуіп, мешітке келгенде, қатар отырғанда екі адамның арасын ашпастан, Алланың оған нәсіп еткен намазын оқып, сондай ақ имам құтпа оқығанда үндемей отырып ұйып тыңдаса, оның сол жұма мен келесі жұма аралығында жасайтын (жеңіл желпі) күнәлары міндетті түрде кешіріледі» - деген (Бұхари, жұма 6).

       Әбу Сайыд жеткізген хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Кәмелетке толған әрбір мұсылманға жұма күні ғұсыл құйыну уәжіп», - деп айтты» - делінген.

       Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде кім жұма күні дәрет алса, қандай жақсы! Ал кім ғұсыл құйынса, әрине, ғұсыл құйынған одан да абзал», - деп айтты», - деген.

Автор
Мадияр