KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Жолдасы қайтқан адамға ұқсамайды»: Ләйлә Сұлтанқызы сын айтқандарға жауап берді

Ayzhan Sylanova

Ол оқырмандарының бірі жазған «Жолдасы қайтқан адамға ұқсамайсың» деген пікірді мысалға алып, мұндай көзқарасты ер адамдардың әйелдің сыртқы бейнесін жиі сынға алатын әдетімен байланыстырды.

«Мұхтар есімді оқырман пікір қалдырған екен. Көбіне әйелдің сымбаты, түрі, шашы, тіпті тырнағы мен көзі жайлы сын айтатындар – ер азаматтар. Бұл – оларға жараспайтын әдет. Әрине, ойын дәлелмен жеткізгісі келетін болар, бірақ әйел тақырыбынан бөлек те талқылайтын мәселе көп қой. Мен уақытты тоқтата алмайтынымды, жасармайтынымды жақсы білемін. Қартайып келе жатқанымды қабылдағанмын. Жасымды да ешқашан жасырған емеспін. Алла қаласа, биыл қыста 48 жасқа толамын. Сондықтан бір-бірімізді демеп, жақсы сөз айта білейікші», – деді ол.

Журналистің бұл жауабы желі қолданушыларының қолдауына ие болды. Көпшілігі «Күйеуі қайтқан әйелдің де жарқырауға құқығы бар», «Әйелім 48 жасында сіз сияқты болса, арманым жоқ», «Өлгеннің артынан өлмек жоқ, бақытты болыңыз» деген мазмұндағы жылы пікірлер қалдырды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары