Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Жолаушылар жылады” - Желіде Air Astana ұшағындағы апатты жағдайдың бейнежазбасы жарияланды

“Жолаушылар жылады” - Желіде Air Astana ұшағындағы апатты жағдайдың бейнежазбасы жарияланды
Фото: Qaz365.kz/Бауыржан Карипов

Әлеуметтік желілерде тараған видеода әуе кемесінде отырған адамдардың абыржып, дұға оқығаны байқалады. Куәгерлердің сөзінше, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін біртүрлі дыбыстар шыға бастаған.

«Жолаушылардың көпшілігі дұға жасап отырды, әйелдер жылады. Тіпті борт қызметкерлерінің өздері де қорқып қалғаны сезілді. Бір сәтте дауыс зорайтқыш арқылы ұшақтың далада мәжбүрлі түрде қонатыны айтылды. Стюардессаның дауысы дірілдеп, қорқыныш анық байқалды», – дейді оқиғаға куә болғандардың бірі.

Белгілі болғандай, ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін шамамен 30–40 минуттан соң 10 мың метр биіктіктен бірден 3 мың метрге дейін төмендеп кеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонғаны хабарланған еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.