Экономика

Жиын-терін: қанша астық жиналды, қаншасын тұтынамыз?

Жиын-терін: қанша астық жиналды, қаншасын тұтынамыз?

Алдын ала есептеулер бойынша, өңірлердегі диқан, шаруалар 16 млн гектардан астам алқапқа егілген дәнді және дәнді бұршақты дақылдарды төкпей-шашпай жинап алған. Ал бастырылған астықтың болжамды көлемі 25,9 млн тоннаға жетті.

Сүйінерлігі, биыл жиналған өнім ел тұтынатын жалпы астық көлемінің жеткілікті шегінен асты. Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, өткен жылы ел ішінің астық тұтынуы көлемі 5,1 - 5,3 млн тонна шамасында болған. Оның ішінде тұрғындардың таза ұн және ұн өнімдері үшін жұмсалатын бидай көлемі 2,5 - 3 млн тонна екен. Яғни, орта есеппен алғанда еліміздің әр тұрғыны жылына 130-150 кило бидайдан жасалған өнімдерді тұтынады деуге болады.

Сондай-ақ, бастырылған астықтың бір бөлігі мал азығы мен өндірістік өңдеуге жіберіледі. Отандық бидайға өндірістік өңдеу саласында да сұраныс жоғары. Атап айтқанда, макарон дайындау мен крахмал алуға және спирт өндірісіне 2 млн тоннадай таза бидай жұмсалады екен.

Айтпақшы, қазақ даласында өскен астыққа сыртқы нарықтың да қызығушылығы жоғары. Былтыр ішкі сұраныстан бөлек 9 млн тоннадан астам бидай экспортқа жіберілді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz