Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жиі ашуланатын адамдарға қандай қауіп төніп тұр – ғалымдардың зерттеуі

Жиі ашуланатын адамдарға қандай қауіп төніп тұр – ғалымдардың зерттеуі

Ғалымдар 59 бен 93 жас аралығындағы екі жүз адамның өмірін бақылаған


Канадалық ғалымдар көңіл-күйдің егде жастағы адамдардың өмір жасына қалай әсер ететінін анықтады, деп хабарлайды "Известия".

Конкордия университетінің зерттеушілері Монреальде тұратын 59 бен 93 жас аралығындағы қарт адамдардың өмірін бақылаған. Зерттеуге барлығы 200 адам қатысты. Мамандар олардың қан сынамасын алып, күйзеліске қаншалықты жиі түсетіні жайлы сауалнама жүргізген.

Ғалымдар жиі ашуланатын адамдар басқаларға қарағанда созылмалы ауруларға көп шалдығып, аз өмір сүреді деген пайымға келді.

"Адам қартайған кезде, күш-қуаты кеміп, біраз нәрсені істей алмай қалады. Оның үстіне егде жастағы адамдардың көбі әйелінен немесе күйеуінен айырылады, қимыл-қозғалысы азаяды. Мұның бәрі оның ашуын туғызып, көңіл-күйін түсіреді", - дейді Конкордия университетінің маманы Меган Барлоу.


sputniknews.kz

Автор
Әлихан