KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Жетісуда 12 адам мінген шағын автобус КамАЗ-ға соғылды: екі адам көз жұмды

• Қайсар Қанат

Жол-көлік оқиғасы Алматы – Өскемен тасжолының 143-шақырымында болған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы алдында жүрген КамАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соғылған.

"Алматы – Өскемен автожолының 143-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter мен КамАЗ жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оңтүстік бағытта бара жатқан Mercedes-Benz Sprinter жүргізушісі алда бара жатқан КамАЗ-дың тіркемесіне соғылған. Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Ал Sprinter-дің тағы он жолаушысы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген полиция хабарламасында.

Қайғылы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, апаттың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Шағын автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтап, қауіпсіз жылдамдықт

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →