Назарбаевтың немересінің сұхбаты YouTube-тен өшірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жетісуда 12 адам мінген шағын автобус КамАЗ-ға соғылды: екі адам көз жұмды

Жетісуда 12 адам мінген шағын автобус КамАЗ-ға соғылды: екі адам көз жұмды

Жетісу облысында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы КамАЗ жүк көлігімен соқтығысып, екі адам қаза тапты. Тағы 10 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы Алматы – Өскемен тасжолының 143-шақырымында болған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы алдында жүрген КамАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соғылған.

"Алматы – Өскемен автожолының 143-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter мен КамАЗ жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оңтүстік бағытта бара жатқан Mercedes-Benz Sprinter жүргізушісі алда бара жатқан КамАЗ-дың тіркемесіне соғылған. Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Ал Sprinter-дің тағы он жолаушысы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген полиция хабарламасында.

Қайғылы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, апаттың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Шағын автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтап, қауіпсіз жылдамдықт

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер