KZNews.kz
Шоу-бизнес

Жетісу облысында 17 жасар жасөспірім құрдастарына пышақпен шабуыл жасады

KZNEWS

Бұл оқиға Көксу ауданы Балпық би ауылында орын алды.

Бірнеше пышақ жарақатымен 17 және 18 жастағы екі ауыл тұрғыны аудандық ауруханаға жатқызылды. Қазір дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалайды. Алайда олардың бірі әлі де реанимация бөлімінде. 

Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ұсталып, қамауда отыр. Ол 17 жаста. Іс "кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергелуде.

Ақпарат: http://t.me/orda_kz

Фото: sarnovosti.ru

KZNEWS
Автордың басқа материалдары