Қазақстанда жол ережесін бақылайтын 32 мың камера жұмыс істейді – Ержан Сәденов
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Жетім” деп бетіме басып тұрсыз”: Анна Данченко ата-анасына тіл тигізген әншіні орнына қойды

“Жетім” деп бетіме басып тұрсыз”: Анна Данченко ата-анасына тіл тигізген әншіні орнына қойды
Фото: жеке парақшадан

Әншінің тележүргізуші Анна Данченконың мінезі мен марқұм анасына қатысты пікір білдіруі оның көңіліне тиген.

Тележүргізуші Анна Данченко дәстүрлі әнші Алма Аманжолованың өзіне қатысты айтқан сынына жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz

Алма Аманжолова әлеуметтік желідегі жазбасында Анна Данченконы көргенде бойынан тәкаппарлық байқағанын айтқан. Оның сөзінше, мұндай мінез уақытша болуы мүмкін.

«Көргенде сәл көкірек бар екен деп түйдім... Ол да уақытша болатын мінез. Мәселе түрінде емес, анасы бар кезде де байқағанмын», – деп жазды әнші.

Бұған жауап берген Анна Данченко адамды сырттай бағалау дұрыс емес екенін жеткізді. Тележүргізуші әсіресе қиын кезеңде мұндай пікір айтуды орынсыз деп санайтынын айтты.

«Мінезді көргенде емес, танығанда, араласқанда біледі. Әсіресе, бұндай ауыр кезеңде сыртымнан баға бергеніңіз орынсыз деп ойлаймын», – деді ол.

Анна Данченко әншіні өнер адамы әрі үлкен әпке ретінде сыйлағанын атап өтіп, оның сөздерін күтпегенін жеткізді. Тележүргізуші Алма Аманжолованың марқұм анасына қатысты айтқан сөзін ауыр қабылдағанын да жасырмады.

«Өнер адамы, әпкеміз деп сыйлаған адамым едім... Өте өкінішті. "Жетім" деп бетіме басып тұрсыз ғой қазір осыны! Жанашыр болсаңыз, жекеге жазып, өзіме де айтуға болар еді ойыңызды!» – деп жазды Анна.

Сондай-ақ ол бұдан былай өзіне қатысты орынсыз пікірлерді үнсіз қабылдамайтынын айтты.

«Өтініш, ата-анама, тәрбиеме тіл тигізбеңіз!» – деп түйіндеді тележүргізуші.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.