Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жер комиссиясының отырыстары онлайн көрсетілетін болды

Жер комиссиясының отырыстары онлайн көрсетілетін болды

2018 жылғы 24 желтоқсан 09:13 242

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер комиссиясының отырыстары жергілікті атқарушы органдардың сайттарында онлайнда көрсетіліп, барлық аудио-бейнежазба әкімдіктердің серверлерінде сақталуы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне сілтеме жасап. 

Ұқсас жаңалықтар

Жер комиссиясы отырысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-бейнежазбаны сақтау қағидалары және аудио-бейнежазбаға қол жеткізу қағидалары бекітілді.

«Енді Жер комиссиясының әрбір отырысы барысында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (ЖАО) ресми интернет-ресурстарында онлайн трансляциялау режимінде отырыстың аудио-бейнежазбасы жүргізіліп отырады. Жер комиссиясы отырысының аудио-бейнежазбасын санкцияланбаған тоқтатуға немесе түзетуге болмайды. Барлық аудио-, бейнежазбалар ЖАО серверлерінде сақталып, олардың көшірмелері Жер комиссиясы отырысына қатысушыларға, сондай-ақ жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш берген адамдар мен олардың өкілдеріне беріледі», - делінген аталмыш комитеттің Фейсбуктегі парақшасындағы жазбада.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
Автор
Жандос