KZNews.kz
Спорт

«Жеңіс біздікі болды»: Қызайбайдың бапкері финал жекпе-жегіне баға берді

Ayzhan Sylanova

Ұлттық құрама Ливерпульде өткен додада жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Чемпионат қорытындысына байланысты Kazinform тілшісі құраманың бапкерлерінің бірі, Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай және Елдана Тәліпованың жеке жаттықтырушысы Долкунжан Камековпен сұхбаттасты.

«Бұл чемпионатта Қазақстаннан 10 спортшы бақ сынады, оның алтауы жүлделі орыннан көрінді. Қоржында – 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль. Менің шәкірттерімнің үшеуі де медаль алды: Балқыбекова алтын иеленді, Қызайбай күміс, ал Тәліпова қола жүлдеге қол жеткізді. Әрине, төрешілердің шешіміне біз араласа алмаймыз. Дегенмен Назым Қызайбай финалда жеңді деп ойлаймын, алайда рефери өз үкімін шығарды», – деді Камеков.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары