Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Жеңілмегенімізге қуануға болады” - Бас бапкер Уразбахтин “Қайраттың” ойыны жайлы

“Жеңілмегенімізге қуануға болады” - Бас бапкер Уразбахтин “Қайраттың” ойыны жайлы
Фото: Craig Williamson - SNS Group / Getty Images

«Бүгін біз гол соға алмадық. Жалпы, маусым бойы тығыз қорғанысты бұзу біз үшін қиын болып келеді. Бұл жолы қарсылас деңгейі одан да жоғары болды, сондықтан ойнау ауыр тиді. Соған қарамастан, бірнеше нақты мүмкіндік болды, бірақ өкінішке қарай, оларды пайдалана алмадық», – деді жаттықтырушы.

Оның айтуынша, команда жақсы ойын өрнегін көрсеткенімен, шабуылдағы дәлдік пен шешуші сәттердегі салқынқандылық жетіспей қалған. Бапкер ойыншылардың ынтасы мен еңбекқорлығын атап өтіп, алдағы матчтарда нәтижені жақсартуға уәде берді.

Бапкердің айтуынша, «Пафос» аз құрамда қалса да, қауіпті сәттер ұйымдастырып, қақпа маңында қысым көрсете алған.

«Бір жағынан, жеңілмегенімізге қуануға болады, бірақ екінші жағынан, өз мүмкіндігімізді пайдалана алмадық. Артықшылық бізде болғанымен, шешуші сәттерде дәлдік жетіспеді», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, UEFA Чемпиондар лигасының үшінші турында алматылық «Қайрат» өз алаңында Кипрдің «Пафос» клубын қабылдап, матч 0:0 есебімен тең аяқталды.

Келесі ойын 6 қараша күні өтеді. Онда «Қайрат» сырт алаңда Италияның әйгілі «Интер» командасына қарсы ойнайды. Кездесу Милан қаласында өтпек.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.