НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Даулы видеодағы сегіз магистрант Жоғары сот жанындағы сот төрелігі академиясынан оқудан шығарылды, деп хабарлайды 24.kz.
Олар шетелдік сапар мен оқуға кеткен шығынды мемлекетке толықтай қайтаратын болады.
Әлеуметтік желіде қазақстандық магистранттардың Германияда алкогольдік ішімдік ішіп, билеп жүрген видеосы тарап кеткен болатын. Олардың Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігі академиясының магистранттары екені анықталды. Германияның Висмар қаласындағы Hochshule Wismar – University of Applies Sciences-те екі апталық тағылымдамаға барған.