Осы орайда желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі оны қоштап, хиджабтың қазаққа тән емес екенін айтып жатыр. Ал енді екіншілері «хиджабты ойыншық қылдың» деп сынның астына алды.Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Не істерін білмей жүрген адам", "Орамалмен ойнауға болмайды. Оның өзіндік қасиеті бар" , "Осылар орамал тағып қарық қылар ма еді? Бірде тағады, бірде шеше салады" , "Орамалды мазақ етті. Бұлай істегенше мүлде тақпағанын жөн еді" , "Орамал ойыншық па сендерге?", "Несі бар екен? Жас қыз, киюге әлі ерте екенін түсінген болар. Сүрінбейтін тұяқ жоқ", "Шешеді ме? Киеді ме? Өзі біледі", — деп жазуда желідегілер. Арасында оның хиджабты тек жарнама түсірілімі үшін киді деп қорғаштағандар да бар.Посмотреть эту публикацию в Instagram