KZNEWS.KZ
Әлем

Желіде Си Цзиньпиннің ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады

Қайсар Қанат
Си Цзиньпин. Фото: Kevin Frayer/Getty Images

Оның мәлімдеуінше, Си Цзиньпин Нью-Делиде өткен БРИКС саммиті кезінде өзін жайсыз сезініп, кейін Қытайға оралған соң Бейжіңдегі ауруханалардың біріне жеткізілген. Сондай-ақ автор Қытай басшысының денсаулығына қатысты ауыр диагноз қойылғанын мәлімдеген. Алайда бұл ақпаратқа ресми растау берілген жоқ.

Си Цзиньпиннің жағдайы туралы ресми ақпарат бар ма?

Қытай билігі Си Цзиньпиннің ауруханаға жатқызылғаны немесе оның денсаулығына қатысты тараған мәліметтерді растаған жоқ.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің 14 қыркүйектегі ресми мәлімдемесінде Си Цзиньпиннің Нью-Делиге сапарын және 18-БРИКС саммитіне қатысуын аяқтағаны айтылған. Бұған дейін Қытай тарапы оның саммитке 12-13 қыркүйек аралығында қатысатынын ресми хабарлаған еді.

13 қыркүйекте Си Цзиньпин БРИКС саммитінің екінші сессиясына қатысып, сөз сөйлегені туралы да Қытай Сыртқы істер министрлігі ресми ақпарат жариялады.

Reuters те 13 қыркүйекте Қытай басшысының Нью-Делидегі БРИКС саммитіне қатысқанын хабарлады.

АҚШ-қа сапары әлі де күн тәртібінде

18 қыркүйектегі Reuters мәліметіне сәйкес, Си Цзиньпиннің АҚШ-қа жоспарланған сапарына дайындық жалғасып жатыр. Агенттік Қытай басшысымен бірге АҚШ-қа бірқатар ірі қытайлық компания басшылары баруы мүмкін екенін жазды.

Reuters-тің 17 қыркүйекте жарияланған материалында да АҚШ пен Қытай өкілдері жоғары деңгейдегі алдағы кездесулерді талқылап жатқаны және Си Цзиньпиннің Вашингтонға сапары жоспарланғаны айтылған.

Сондықтан әлеуметтік желіде тараған Си Цзиньпиннің ауруханаға түскені және денсаулығына қатысты ауыр диагноз қойылғаны жөніндегі мәліметтер әзірге тәуелсіз әрі сенімді дереккөздермен расталған жоқ.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →