«Судья болуды армандады»: Көкшетауда сот қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде Си Цзиньпиннің ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады

Желіде Си Цзиньпиннің ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады
Си Цзиньпин. Фото: Kevin Frayer/Getty Images

Әлеуметтік желілерде Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің БРИКС саммитінен кейін ауруханаға жеткізілгені туралы расталмаған ақпарат тарады. Бұл мәліметті Қытай демократиялық партиясының төрағасы Се Ваньцзюнь X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.

Оның мәлімдеуінше, Си Цзиньпин Нью-Делиде өткен БРИКС саммиті кезінде өзін жайсыз сезініп, кейін Қытайға оралған соң Бейжіңдегі ауруханалардың біріне жеткізілген. Сондай-ақ автор Қытай басшысының денсаулығына қатысты ауыр диагноз қойылғанын мәлімдеген. Алайда бұл ақпаратқа ресми растау берілген жоқ.

Си Цзиньпиннің жағдайы туралы ресми ақпарат бар ма?

Қытай билігі Си Цзиньпиннің ауруханаға жатқызылғаны немесе оның денсаулығына қатысты тараған мәліметтерді растаған жоқ.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің 14 қыркүйектегі ресми мәлімдемесінде Си Цзиньпиннің Нью-Делиге сапарын және 18-БРИКС саммитіне қатысуын аяқтағаны айтылған. Бұған дейін Қытай тарапы оның саммитке 12-13 қыркүйек аралығында қатысатынын ресми хабарлаған еді.

13 қыркүйекте Си Цзиньпин БРИКС саммитінің екінші сессиясына қатысып, сөз сөйлегені туралы да Қытай Сыртқы істер министрлігі ресми ақпарат жариялады.

Reuters те 13 қыркүйекте Қытай басшысының Нью-Делидегі БРИКС саммитіне қатысқанын хабарлады.

АҚШ-қа сапары әлі де күн тәртібінде

18 қыркүйектегі Reuters мәліметіне сәйкес, Си Цзиньпиннің АҚШ-қа жоспарланған сапарына дайындық жалғасып жатыр. Агенттік Қытай басшысымен бірге АҚШ-қа бірқатар ірі қытайлық компания басшылары баруы мүмкін екенін жазды.

Reuters-тің 17 қыркүйекте жарияланған материалында да АҚШ пен Қытай өкілдері жоғары деңгейдегі алдағы кездесулерді талқылап жатқаны және Си Цзиньпиннің Вашингтонға сапары жоспарланғаны айтылған.

Сондықтан әлеуметтік желіде тараған Си Цзиньпиннің ауруханаға түскені және денсаулығына қатысты ауыр диагноз қойылғаны жөніндегі мәліметтер әзірге тәуелсіз әрі сенімді дереккөздермен расталған жоқ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер