KZNews.kz
Қоғам

Желіде күйеуіне "тоқал сыйлаған" әйелдің әзіл видеосы қызу талқылануда

Ayzhan Sylanova

Бейнежазбада күйеуіне бақыт тілеп сөзін бастаған әйел кейін оны әлі де жақсы көретінін және қимайтынын әзілмен жеткізеді.

 "Бақытты болыңдар. Маған қарағанда жас әрі әдемі. Қосағыңмен қоса ағар. Саған батамды бердім деп ойлап отыр ғой деймін. Бірақ мен қарсымын. Сені біреуге бере қояды дейсің бе? Маған әлі керексің. Мен сені жақсы көремін, қимаймын", — дейді ол күлкі аралас үнмен.

Желі қолданушылары бұл видеоны пранк деп қабылдап, түрлі пікір білдірді. Бірі әзілді қолдаса, енді бірі отбасы тақырыбындағы мұндай қалжыңның орынсыз екенін атап өткен.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары