KZNEWS.KZ
Қоғам

Желіде естен танып қалған сарбаздың видеосы тарады: Қорғанис министрлігі жауап берді

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Президент жанындағы ОКҚ Дезинформациямен күрес орталығы бұл оқиғаның 2024 жылы Аягөз гарнизонында болғанын хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz

Сонымен қатар Қазақстанның Қорғаныс министрлігі "сарбаздың денсаулығының сыр беруі қатты қобалжумен байланысты болғанын" еске салды. Ведомство оның денсаулығына қауіп төнбегенін, медициналық көмек дер кезінде және толық көлемде көрсетілгенін атап өтті.

Дезинформациямен күрес орталығының ақпаратынша, әскери қызметші әскери қызметінің белгіленген мерзімін өтеп, кейіннен запасқа шығарылған.

"Осылайша, таратылып жатқан бейнежазба қазіргі жағдайды көрсетпейді. Күні мен мән-жайын көрсетпестен архивтік кадрларды пайдалану пайдаланушыларды адастыруы және қоғамда негізсіз шиеленіс тудыруы мүмкін", - делінген хабарламада.

Орталық блогерлер мен жаңалықтар пабликтеріне өз аудиториясы алдындағы жауапкершілігі туралы еске салып, шындыққа жанаспайтын ақпаратты әдейі таратудың құқықтық салдарларға әкеп соғуы мүмкін екенін қосты.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың банктік депозиттері бойынша сыйақыларына салық енгізілетіні туралы ақпарат тараған болатын. Дезинформациямен күрес орталығы Қазақстан үкіметі мұндай бастаманы қарастырып жатпағанын, ал салымдар бойынша пайыздардан бұрынғыша салық алынбайтынын мәлімдеді.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →