KZNews.kz
Қоғам

Желіде блогер ана атануға мүмкіндік беретін “тұмар-емізіктер” сатуда

Ayzhan Sylanova

Өзін жеті жылдық медициналық білімі бар дәрігер ретінде таныстырған ол бұл бұйымның көмегімен мыңдаған әйелдің ана атанғанын айтады.

Оның айтуынша, бұл емізік жай ғана зат емес – ерекше энергиясы бар психологиялық құрал. 

«Бұл – ішкі сенімді оятатын психологиялық якорь. Оны көргенде, ұстағанда немесе жаныңда ұстағанда бойыңда белгілі бір бағдарлама іске қосылады: “Мен дайынмын. Денем дайын. Сәбиім маған келе жатыр” деген сенім қалыптасады», – дейді ол.

Блогер мұндай мистикалық тәсілге сенетін әйелдердің саны аз емес екенін де атап өтті. 

«Соңғы бес жылда көптеген келіншек маған хат жолдап, еміздіктің жанында тұрған екі сызықты тесттің суретін жіберді. Кейінірек – дәл сол еміздікті қолына ұстаған сәбидің фотосын жібереді», – дейді ол.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары