Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Желі қолданушылары Алматыда орнатылған "Ана мен бала" мүсінін талқылап жатыр - Бір үзік

Желі қолданушылары Алматыда орнатылған "Ана мен бала" мүсінін талқылап жатыр - Бір үзік

Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыда орнатылған "Ана мен бала" мүсінін талқылап жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Мүсіннің суреті Facebook желісінде пайда болды. Оны Olzhas Muhamedi есімді қолданушы жариялады.

Суретке қалдырылған пікірлерде қолданушылар мүсінді қорқынышты фильмдердің кейіпкерлерімен салыстырып жатыр. "Сұмдық қой. Тамаша мүсіншілеріміз бар емес пе, ал мына мүсіннің авторы жаңа туған нәрестелердің қандай болатынын білмейтін сияқты. Бала емес, кәрі адам сияқты", - деп жазған қолданушылар.

Әуезов аудандық әкімдігінің өкілдері "Ана мен бала" композициясының 2017 жылы орнатылғанын айтады. Оған Әуезов ауданының әкімдігі тапсырыс берген, ал орындаушы - КазСтройПродукт" компаниясы.

Қалалық билік өкілдерінің айтуынша, перзентхананың маңындағы "Ана мен бала" мүсіні мердігер ұйымның есебінен әлеуметтік жауапкершілік аясында орнатылған.

Әкімдіктегілер осы аумақты абаттандыру аясында екі мың шаршы метр асфальттың жаңартылып, 10,7 мың шаршы метр гүлзардың отырғызылып, 31 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылғанын айтып өтті. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Автор
Бауыржан