KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Жел көтеріліп, аяз күшейеді": үшінші желтоқсанға арналған ауа райы болжамы - новости Казахстана

KZNEWS

Үшінші желтоқсан күні Қазақстанстанның басым аймақтары антициклонның әсерінде болғандықтан, аяз күшейеді деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: 365news.biz

Солтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс аймақтарда атмосфералық фронттар өтіп, қар жауады, оңтүстік батыста жауын-шашын жауады. Жел көтеріліп, боран соғады.

Оңтүстік аймақтарда жел күшейіді. Қызылорда облысында кей жерлерге тұман түсіп, таңертең және күндіз жел күші 15-20 метр секундқа жетеді. Жамбыл облысында тұман, жел күші 15-20 метр секундқа жетеді.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерге тұман түсіп, жел күші 18-23 метр секундқа жетеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде боран соғып, тұман түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман мен көктайғақ күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары