Шоу-бизнес

Жастарды қолдауға арналған бастама

KZNEWS KZNEWS
Жастарды қолдауға арналған бастама

Кеңес отырысы барысында Елбасы Жолдауы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының   ХХVІ сессиясында берілген тапсырмаларды іске асыру барысы талқыланды. 

Л.Прокопенко өз сөзінде Қазақ­­­с­тан халқы Ассамблеясы­ның мүшелері алдағы Жас­тар жылына арналған жаңа жо­балар әзірлеп жатқанын әңгімеледі.

«2019 жылы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қоз­ға­лысының жол картасы жү­зеге асырылады. Бұл жоба ая­сын­да барлық санаттағы жас­тары­мызды қолдауға арнал­ған 19 өзіндік жоба жасалады. Сон­­дай-ақ Қазақстан халқы Ассамб­леясы еліміздің әр өңірі бойынша бұқаралық мектеп туризмін қолға алады. «Өз жеріңді танып-біл!» жобасы аясында республикалық-туристік «Ел тану» экспедициясы өз жұ­мы­сын бастайды», деді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, жастар арасындағы әскери-патриоттық тәрбиені күшейту мақсатында Достық үйлерінің жанынан әскери-патриоттық клубтар ашылады.

«Елбасының бастамаларын ақпараттық тұрғыда жүйелі түрде қолдау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру елшілері» жобасын жүзеге асырады. Оның пулына әртүрлі салалардың үздік өкілдері енеді», деді Леонид Прокопенко.

Сондай-ақ ол Қазақстан хал­қы­ Ассамблеясы мүшелері биылғы жылы Елбасының 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіру жұмыстары бойынша 1940 іс-шара өткізіп,  12 арнайы жоба әзірлегенін айтып өтті. 

Бұдан әрі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжы­ры­м­дама­сының жобасы қаралды. Қаты­сушылар Ассамблеяның этно­мәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредитациялау және аккре­диттеу жөніндегі ережені, сон­дай-ақ республикалық комиссия­ның құрамын аккредиттеуден өт­кізу кестесін бекітті. Іс-шара соңында Қазақстан хал­­қы Ассам­блеясы Төрағасының «Бір­лік» алтын медалі, «Жомарт жан» төсбелгісі, ҚХА төраға­сының «Құрмет» грамотасы мен Алғыс хатына кандидатуралар ұсынылды.

Маржан ТІЛЕУБЕК,

«Егемен Қазақстан»

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz