Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жастар жылына орай жастарға уағыз айтылды

Жастар жылына орай жастарға уағыз айтылды

Елбасының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауына орай, Алматы қаласы Орталық мешітінде ҚазҰУ-дың Phd докторанты, Орбита мешінің наиб имамы Ернар Мәжен қала жастарына арнайы уағыз айтты.

Әрине, болашақтың ең құнды капиталы – жастар. Жастар – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан еліміздің ертеңі болған жастарымыз иманды да тәрбиелі, оқыған, көзі ашық, білімді болуы керек.

Ернар Мәжен әртүрлі оқу орындарынан жиналған жастарға жастық шақтың қадірі, жастық уақытты тиімді пайдалану, білім алу, қазақ жастарының елжандылығы туралы маңызды тақырыпта мәні терең сөздер айтты.

Соңынан мешітке келген жастар Алматы Орталық мешіті «Жастар ісі» секторының ұйымдастырып, арнайы әзірлеген дастарынан дәм татып, келелі басқосудан жандарына рухани нәр ала білді.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Автор
Санжар